Хош иіс пирамидасы деген не?
Сіздер парфюмерия хош иісінің бір күнде бірнеше рет өзгеретінін байқаған шығарсыздар. Сепкен соң қытырлақ цитрус болуы мүмкін, ал бірнеше сағаттан соң денені терең және күрделі гүл ноталары иісімен көмкереді. Бұл құпияның артында хош иіс пирамидасы мен ольфактор пирамидасы жатыр. Бұл не екендігіне және әтір таңдағанда пирамиданы ескеру керек екендігіне тоқталайық.
Маңызды: хош иіс пирамидасын түсіну арқылы, сүйікті әтірдің күрделілігін бағалай білетін және жаңа парфюм таңдағанда соған негізделетін боласыз. Сіз балғын цитрус хош иісін жақсы көресіз бе, жоқ әлде ваниль әтірінің жылылығын ба? Біздің мақаланы оқыңыз, ол сізге керек парфюмерия профилінің ең жақсысын таңдауға көмектеседі.
ХОШ ИІС ПИРАМИДАСЫ ДЕГЕН НЕ?
Хош иіс пирамидасы — бұл хош иістердің белгілі бір уақыт ішінде қалай дамитынын шартты түрде көрсету үшін парфюмерияда қолданылатын тұжырымдама. Жоғарғы ноталардың үш деңгейлі құрылымы мен өзегі, базалық ноталар үйлесімін таба келе толық қанды жиынтық құрады.
Маңызды: парфюмериядағы ноталар — ол хош иіс құрайтын жеке элементтер. Олардың барлығы бірегей композиция құрайтын бөлшектер. Оларды мұқият таңдап, парфюмерия шедеврін жасау үшін араластырады.
Хош иістің негізгі жеті әулеті:
- гүл;
- шығыстық;
- ағаш;
- фужерлі;
- шипрлі;
- цитрусты;
- былғары.
Олардың әрбірі парфюмерияның әр алуан спектірін жасауға мүмкіндік беретін әр түрлі шағын әулеттерден тұрады,
ХОШ ИІС ӘР ДЕҢГЕЙДЕ ҚАЛАЙ АШЫЛАДЫ
Жоғарғы ноталар мен өзекті және базалық ноталар бірігіп келе біз әтірдің қанық хош иісі деп түсінетін иістерімізді құрайды:
- Жоғары ноталар
Сіз әтірді алғаш сепкенде, жеңіл және жоғары ноталар ұшқынын сезесіз. Әдетте ол иіс 15 минуттай сақталады. Яғни, кез келген парфюмнің алғашқы иісінде жоғарғы ноталар сезіледі. Ол жеңіл және тез тарқайтын цитрус (грейпфрукт, мандарин және лимон), ақ (бұрыш жалбызы,насыбай мен дәнді жалбыз) және озонды (сулы және ауа хош иістері) компоненттерден тұрады. Олар әдетте, тез ыдырайды.
- Өзек ноталары
Пирамида бойымен төменге қарай жылжи келе, сіз кез келген хош иістің ортаңғы нотасына - өзегіне түсесіз. Бұл жіңішке қабаты, әдетте сепкен соң екі сағаттай сақталады. Жалпы хош иіс композицисының 70%-ы өзек нотасының үлесіне келеді. Әдетте олар жоғарғы ноталар жойыла бастаған кезде іске кіріседі. Жоғарғыға қарағанда қанық, күрделі және толық ноталар ол гүл (раушан, жасмин, мен гардения), жеміс (шабдалы, алма, құлпынай) және ащы (бұрыш, қалампыр және корица).
- Соңғы ноталар
Хош иіс симфонияларына соңғы нүктені базалық ноталар қояды. Соңына қарай теріден шыққанда басқаларға қарағанда уақытты көбірек қажет ететін қоспалар ашыла бастайды. Көбінесе олар гурман хош иістері (ваниль, какао, қоңыр қант), ағаш (сандал, пачули мен балқарағай) және мускус (тәтті, пудралы). Олар теріде фиомалық хош иіс туралы ұмытылмас әсер қалдыра отырып ұзақ сақталады.
Қызықты факт: бір парфюмді әр адам әр түрлі қабылдайды, себебі әркімнің иіс сезу қабілеті әр түрлі болып келеді. Әтір себілгеннен бастап, өз иесін хош иістік пирамидаға сенсорлық саяхат жасатады. Бұл сапарды түсінгенде ғана күрделі жинаққа нағыз баға бере алуға мүмкіндік болады. Қарапайым тілмен айтқанда, теріде жүргізілген тест қана, даму процессі сізбен қаншалықты үйлесетіндігін анықтауға көмектесетін болады.
Маңызды: Әтір нотасы, бір көргенде оңай болуы мүмкін. Бірақ ол әлдеқайда күрделі. Әр парфюмнің өзіне тән тұрақтылығы бар. Оған май, спирт сияқты құрамында пайдаланылған ингридиенттердің саны әсер етеді.
ХОШ ИІС ПИРАМИДАСЫ ПАРФЮМДІ ҚАБЫЛДАУҒА ҚАЛАЙ ӘСЕР ЕТЕДІ
Өзіңіздің фирмалық парфюміңіздің құрылымын көз алдыңызға елестетіп көріңізші. Мүмкін алғашқы лимон мен өрік жеміс ноталары өзегіндегі жасмин нотасынан қалып қалатын шығар. Бәлкім жылы ваниль мускустың таңғалдыратын базасына алмасар. Сәндік парфюмериялық композицияда әрбір хош иіс бір иіспен қабаттасып, ерекше симфонияға айналады.
Қарапайым тілмен айтқанда, әтір тәтті пирог сияқты көпқырлы. Әр бөлігінің дәмін татқан сайын, әр түрлі ингридиентінің дәмін сезген сияқты – алдымен қытырлақ үстіңгі қабаты, содан соң ішкі салмасының бірінші қабаты, ары қарай аспаздың астыңғы қабатына салған дәмі, соңында салмасының суы әбден сіңген қамыры сияқты – хош иістер де біртіндеп өзінің компоненттерін аша түседі. Бұл процесс бірден біздің иіс сезу мүшемізді толтырып тастамай, біртіндеп әр түрлі иісті кезекпен сезуге көмектеседі.
ПИРАМИДА ХОШ ИІСТЕРІНІҢ ҮЛГІЛЕРІ
Біздің парфюмдер үлгісінде бірнеше пирамидалармен танысуды ұсынамыз. Олар құрылымы жақсы құрастырылған парфюм үлгілері болып табылады:
PUR PUR парфюмы. Жоғарғы ноталары маракуйя, шабдалы, таңқурай, қарақат жапырағы мен алмұрт ұсынады. Өзегі лалагүлден. Соңында гелиотроп, сандал, ваниль, пачуля, мускус, сезіледі.
- DON"T EXPLAIN парфюмі. Хош иіс жинағының беткі қабаты ноталарынан цикламен, гиацинт, орхидея иісі шығады. Олар гелихримге, қалампырға (дәмдеуіш), мелиссаға, нарциске жол береді. Соңғы нота – амбра мен мускус.
- BLACK MOON парфюмі. Беткі ноталарда фиалка. Өзегі шафран және қызыл чабрец. Соңында балқарағай, сандал ағашы, амбра, пачуля, чабрец ноталары шығады.
ХОШ ИІСТІ ПИРАМИДА БОЙЫНША ҚАЛАЙ ТАҢДАУ КЕРЕК
Есіңізде болсын - әтірдің жақсысы күрделі жинақтан тұратыны немесе қымбаты емес, өзіңізді жақсы сезінуге көмектесетіні. Әтір таңдағанда, жеке талғам маңызды фактор болып қала береді.
Әтір таңдағанда мінсіз базалық нотасына назар аударыңыз. Бұл жоғарғы ноталар ыдырап кеткеннен соң да сақталатын терең, қанық рең. Сондықтан ол әтірдің негізі.
Содан соң ортаңғы ноталарға мән беріңіз. Олар бір сағатқа дейін сақталып тұратын қанық хош иістер болып табылады. Сондықтан оған ерекше мән беріңіз.
Жоғарғы ноталар парфюммен алғаш таныстыратын иіс. Олар бірден сезіледі, бірақ бірінші болып ыдырап, орта және төменгі ноталарға орын қалдырады. Олар туралы бірден көзге түсетін, картинаның түсі сияқты ойда болыңыз.
ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР
НИШАЛЫҚ ЖӘНЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ӘТІРЛЕР ХОШ ИІС ПИРАМИДАЛАРЫНЫҢ АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ НЕДЕ?
Нишалық брендтерде көбінесе пирамидалардың күрделі құрылымын жасайтын сирек ингридиенттерге мән беріледі. Коммерциялық өнім өндіретіндер танымал ноталарға жүгінеді.
Нишалық брендтерде көбінесе пирамидалардың күрделі құрылымын жасайтын сирек ингридиенттерге мән беріледі. Коммерциялық өнім өндіретіндер танымал ноталарға жүгінеді.
ХОШ ИІСТЕР ПИРАМИДАСЫ ІС ЖҮЗІНДЕ ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?
Әр нота біртіндер шыға бастайды. Алдымен – хош иіс туралы қалыптастыратын жоғарғы ноталар. Содан соң,тұрақты хош иіс қамтамасыз ететін өзегі мен базалық ноталары.
ПАРФЮМЕРЛІК ӨНІМДІ ІС ЖҮЗІНДЕ ҚАЛАЙ ҚОЛДАНУ КЕРЕК?
Тұтынушы үшін парфюмерия пирамидасы баға жетпес құрал болуы мүмкін.Әтірдің жоғарғы, ортаңғы, соңғы ноталарын жақсы ажырата алу нақты бір оқиғаға сай хош иіс таңдауға мүмкіндік береді. Мысалы, цитрус хош иістері энергия береді, гүл ноталары романтикалық образды айқындайды, ащы ноталар – сезімталдық, ағаш ноталары – талғампаздықты көрсетеді.
НЕГЕ БІР ӘТІРДІҢ ИІСІН ӘР АДАМ ӘР ТҮРЛІ СЕЗЕДІ?
Оның қарапайым жауабы дене химиясында жатыр. Әр адамның терісінде өзіндік рН балансы бар. Денеге сепкенде ол тері майымен араласады. Химиялық реакция жүріп, хош иіс нақты бір рең иісін шығарады. Кейбір жағдайда гүл хош иісі ащы, ал цитрус өте тәтті болуы мүмкін.