Парфюмериядағы гурман хош иісі деген не?
Гурман хош иісі – өнім негізіне гурман ноталары алынатын парфюмерия тобы. Бұл тәтті мақта, бал, тәттілер, дессерттер мен пирожныйлар. Әңгіме тек тәтті хош иістер туралы ғана емес, дәм сезгіш және иіс сезгіш рецепторларды оятатын кез келген жоғары талғам тағамдары туралы да айтылып жатқандығы маңызды. Мәселен, бекон ноталары, трюфель ноталары сияқты хош иісті әтірлер де бар екендігі мәлім. Кез келген гурман хош иістері ас бөлмесінің, үйлесімділік пен тағамның дәмді иісімен байланысты. Сондықтан да оларды тоқтықты, қаупсіздікті, ыңғайылылықты бағалайтын ерекше тұтынушылар қадірлейді және жақсы көреді.
Гурман парфюмі: қалай пайда болған
Гурман хош иістері дербес парфюм топтары ретінде өткен ғасырдың аяғында ғана пайда болды. Оған қарамастан бұл топ көпсанды және тез өсетін топқа жатады. Қазіргі қарқынды ақша мен мансап заманында адамдардың көбі кеңседе жетіспейтін үйдегі ыңғайлылықтың иісін бағалайды.
Осының бәрі 1992 жылы шыққан "Angel от Mugler" хош иісінен басталды. Бұл хош иістің жүрек ноталары шоколад, бал және карамель таниндерін біріктіріп, хош иісті диптерикс ағаш өсімдігі мен ванильдің бұршақ реңктерімен қоршалған. Бұл қиын хош иіс, шынында да қиын қабылданды. Бірақ тез сәнді бола бастады. Содан бері шығыс гурман хош иісттері тұрақты қызығушылыққа бөленіп, алдыңғы қатарлы парфюмерлер тарапынан шектелген мөлшерде ғана шығады. Бұл масс-маркет емес, оны қарапайым дүкенннен стапы ала алмайсың. Парфюмер әлемінің нишалық бағыты тек таңдаулыларға ғана арналған.
ХХІ ғасырдың басында әлемде қарпайым гурман хош иістері нен басқа зияткерлік әтір туралы да айта бастады. 2006 жылы Black Orchid Tom Ford шықты. Содан кейін шығыс гурман әтірлері өзінің танымалдылығын тез көтерді. Бұл фактінің құпиясы - пачули мен шоколад ноталары біріктірілген Том Фордтың қара Орхидеясына трюфель таниндері қосылды.
Том Форд әлі күнге дейін қарапайым тұтынушылар тарапынан көптеген сұрақтар туындайтын бір мәнді ғана емес хош иіс ойлап тапты. Дегенмен талғампаздар оны тривиальді емес болғаны үшін бағалайды.
2014 жылы Ив Сен-Лоран негізін қалаған париждік жоғары сән үйінің Қара Апиын атты тағы бір қызық гурман әтірі пайда болды. Олар кофе нотасы мен ванилин ноталарын негізге алды. Келесі жылы Maison Francis Kurkdjian француз брендінің парфюмерлерінен жоғары бағалайтын тұтынушыларға Baccarat Rouge ұсынылды. Тағы да хош иіс бір тараптан ғана қабылданды. Оларды жақсы көреді, таңғалады, жек көреді, алыстайды, олардың көшірмесін жасайды. Бір ыдыстан шырша, екіншілерден – карамель, үшіншілерден - аурухана мен медициналық бинттің иістері шығады.
Қашан, қайда және қалай пайдалану керек
Күнделікті өмірде осындай әтір түрлерін пайдалануға әркімнің батылы бара бермейді. Бұл дұрыс. Егер күнде піскен нанның иісі үстіңізден шығып жүрсе, сізді тағам пісіруге құмар екен деп ойлауы мүмкін. Ал егер әңгіме виски ноталары туралы болса, айналадағылар сіз туралы жаман ойда болуы мүмкін.
Бұл анда-санда ғана қолданылатын нишалық хош иіс. Париждегі романтикалық демалысты сүйікті адамыңыздың есіне салғыңыз келсе, кофе мен піскен нан иісін себіңіз. Таңғы асты сол иіспен бастағаныңыз есіңізде ме? Мексикаға жасаған саяхатыңыз есіңізде ме? Чили бұрышының ноталары оны еске салады.
Гурман парфюмериясы тәбеттті ашып, адамға балалық шақ суреттерін еске салады. Бұл композицияларды жайлылық жасау үшін немесе стресстің алдын алу үшін себеді. Хош иіспен терапия жасайтын психологтердің айтуынша, қыс мезгілі осындай әтірлерге жақсы уақыт екен. Солай болу керек шығар.
Гурман әтірлері туралы қызықты деректер
- Әйелдерге арналған шығыс гурман хош иістерінің құрамында шоколад пен ваниль иісі болады. Ал ерлерге арналған хош иістерде кауәп, барбекю мен алкоголь иістері болады екен.
- Сонымен қатар кофе. Көптеген парфюмдер тобы осы сусынға арналған. Оны сергітетін кофе жылулық, ояну, қуанышпен ассоциаланады. Тағы бір осындай парфюмдер қатарынан табылатын сусын ол ащылау, сергітетін, танымал щай.
- Сусындардан басқа гурман әтірі тақырыбының бірі – атақты тағамдар. Пицца, бәліш, күрделі араб десерті және жеңіл итальяндық печенье, жемістер, көкөністер, нуга мен халва, рахат-лукум – бәрі гурман хош иісінде кездесетін иістер. Әркімге өз қалағаны.
- Қызығы гурман ноталары таза күйінде парфюмде сирек кездеседі. Олар басқа парфюмерлік топтың ноталарымен толықтырылған. Мысалы, гүл гурман ноталары нәзіктік пен сезімталдықты көрсетеді. Ал ағашиісі гурман хош иісі жылытады, жайлылық сыйлайды.
- Гурман әтірін таңдар кезде тек дәмдік талғамға ғана емес, жеке қасиеттерге да қарау маңызды. Батыл, тәуекелшіл адамдарға кофе мен цитрус лайық. Ал нәзік әйелдерге ваниль мен гүл акценттері жарайды. Жарқын кәсіпкер ханымдарға дәмдеуіштер мен тоқаштың үйлескен иісінен тұратын қызықтырарлық гурман хош иістері лайық.
Sisters Aroma-дан 3 ТОП гурман хош иістері
Бірде бір ірі Парфюмер үйі осы тақырыптан сырт айналмайды және өздерінің нишалық гурман хош иісін міндетті түрде ұсынады. Sisters Aroma да тысқары емес. Үздік парфюм таңдау қиын. Тұтынушылар олардың ішінен ең қызықтыратыны деп төмендегілерді атайды:
- Berry me — бұл хош иіс өз сүйіктісінің есінде мәңгі болуды қалайтын әйелдерге де, және ер адамдарға да бірдей жарайтын иіс. Сексуалды, арша жидектері мен карамель ноталарымен біріккен, шығыс дәмдеуіштерінің шлейфімен көмкерілген басынан бірден қызықтыра түсетін иіс. Сіздің сүйіктіңіз бұл естен тандыратын иісті ешқашан ұмытпайтын болады. Парфюмді біздің интернет дүкеннен тиімді бағада алуға болады.
- Once - өзінің көлемді букетімен алғашқы танысқаннан бастап таңғалдыратын, кейіннен терең сезім шлейфіне ұласатын гурман хош иісі. Жасминнің шығыс үстіңгі ноталары ащы шафран жеміс аккордатырмен үйлесіп отырып ашылады. Өзегінде шыршаның жұпар иісі аңқитын сұр амбра және асыл ақ балқарағай.
- Гурман хош иістерін бағалай алатындар Sugar Porn парфюміне жақсы баға береді. Онда ащы қызғылт бұрыш күйдірілген қантпен және кашемир ағашының иісімен үйлескен. Сайттан тапсырыс беріп, жеткізу қызметі арқылы алдырыңыз.
Жиі қойылатын сұрақтар.
Неге шығыс гурман хош иістері ер адамдар және әйел адамдар арасында да ерекше бағаланады.
Бұл гурман букеттерінде тәтті ноталар дәмдеуіштердің жарқын букеттерімен үйлескен. Психологтердің айтуынша, ондай үйлесім секс туралы айғайлап, өзіне тартатын мықты афродизиак болып саналады.
Ер адамға қандай гурман хош иісін сыйласа болады?
Экзотикалық хош иістен басқа (кәуап, соус, виски) түсінікті хош иістер де бар. Шығыс тағамдарының ноталарынан басқа табак, былғары, ағаш, реңктері бар қою парфюмерияны да қараңыз. Ондай парфюмді мықты, өзінің тартымдылығына сенімді ер адамдар үшін таңдайды.
Гурман хош иістері қалай жасалады?
Бұл табиғи және синтетикалық компоненттер қоспасы. Тағам иістерінің көбіне қолдан жасалған хош иістер арқылы қол жеткізеді. Бірақ ол ер адамдар мен әйел адамдар үшін тартымдылығын азайтпайды.
Әтір сатып алдым, бірақ айтылған букетті сезбеймін. Мен үшін оның иісі басқаша
Гурман хош иістерінің ерекшелігі де осыда. Әркім өз нотасы мен реңкін сезеді.