Қазақстан бойынша 5000₸ бастап жеткізу тегін
menu menu Мәзір
search Іздеу
shopping-bag 0 Себет
circle Кабинет
Каталог
Ақпарат
/ kk
2023-12-12 18:18:21

Шипрлі әтір деген не (парфюмдер)?

Шипр хош иістері - ұстамды әрі құрғақ берілген тұрақты балғындық. Хош иісі жағынан шипрлі ноталар күзгі жаңбырдан кейінгі орман иісін еске түсіреді. Оның құрамында асыл ағаштың, ылғал топырақтың, мүктің реңктері бар. Бұның бәрі бекер емес, себебі шипрлі парфюмнің негізгі иісі- емен мүкі. Бұл хош иіс жеміс, цитрус және жеңіл ащы ноталы көркем жинақпен ұласады. Осылай әр адам денесінен, әр жыл мезгілінде әр түрлі болып ашылатын шипрлі парфюм шығады. Оның құндылығы осыда. Себебі ол әр кезде жаңа хош иіс реңкін беріп, ешқашан жалықтырмайды.

Қызықты дерек: "Шипр" атауы француз тілінің "Chypre" деген сөзінен шыққан. Француздар Кипрді солай атайды. Себебі шипрлі парфюмерияның негізгі нотасы болып табылатын емен мүкі дәл осы жерде өседі.

Шипрлі хош иістің ерекшеліктері

Парфюмерияның классикалық бағыты ХІХ ғасырда пайда болды. Жарқын және тартымды хош иіс алғашында ер адамдарға арналған болатын, бертін келе парфюмерлер оны әйелдерге де "бейімдеді". Қазіргі таңда бұл хош иіс тобы нағыз бағалаушылардың арасында кеңінен қолданылады. Себебі шипрлі хош иісті байқамай қалу мүмкін емес. Ол өз иесін айналасындағылардан ерекшеліп, өзіне назар аударпай қоймайды. Шипрлі хош иісті құрайтын негізгі ноталар:

  • емен мүкі;
  • бергамот;
  • цитрус;
  • жасмин, раушан мен ваниль;
  • мускус, пачулялар, сандал

Бұл реңктер әр түрлі үйлесімде және әр түрлі қарқында кездеседі. Негізгі жинақ шипрлі нотаға дәстүрлі емес ноталармен толықтырылып отыратындығы жиі кездесіп жатады. Соңғы хош иіс комбинациясына қарай әтір екі парфюмерлік топқа бөлінеді.

  • әйелдер арасында шипрлі жеміс хош иістері сұранысқа көбірек ие;
  • жас қыздар шипрлі гүл хош иістерін таңдайды;
  • ер адамдарға жарқын ағаш реңктері бар парфюмдер ұнайды.

Бірақ барлық осы әтірлерге ортақ ерекшелігі оларды жалпы топқа жатқызуға мүмкіндік берді. Ол:

  • жинақтың ішінде емен мүкінің болуы міндетті;
  • хош иістің күрделілігі, көлемі;
  • біртіндеп ашылатын ноталардың контраст үйлесімі.

Шипр парфюмімен енді танысып жатқан адамдардың көбіне хош иіс алғашында ауыр, түншықтыратын сияқты болып көрінуі мүмкін. Осы парфюмериялық топтың негізгі кереметінің өзі осыда, себебі алғашқы қолданған кезде иістің теріде ашыла қоюының өзі қиындау. Басында иіс тығыз болып көрінсе, ноталардың біртіндеп ашыла бастаған сәтінен бастап бұл сезім білінеді.

Қызықты дерек: 2010 жылы хош иісті заттар бойынша халықаралық IFRA ассоциациясы парфюмерияда емен мүкін қолдануға тыйым салған. Оның себебін олар қатары сирек өсімдіктер қатарына жататындықтан деп түсіндірген болатын. Бірақ шипрлі әтірлер жойылған жоқ. Парфюмерлер бұл ингридиентті оның синтетикалық аналогымен ауыстыру жолдарын тапты.

Классификация

Егер басынан ер адамдарға арналған шипрлі хош иістер ағаш мүкінің екі-цитрус реңкі, ащы мен ваниль сияқты екі-үш иістерінің үйлесіміне негізделген болса, заманауи шеберлер бұл топты қомақты түрде түрлендіре алды.

Тұтынушыларға әрқайсысының өздеріне тән ерекшелігі бар көптеген нұсқалар ұсынылды. Мүк нотасынан басқа хош иісінің өзегінен әр түрлі бақ гүлдерінің, шығыс қоспаларының, эфир майының иістерін байқауға болады. Бірнеше сағат бойы сақталып тұратын шлейфтен мускат жаңғағы, ағаш сандалы, ладанниктің цитрусі сияқты хош иістер шығып тұрады.

Нарықтағы шипрлі әтірлерді шартты түрде келесі топтарға бөлуге болады:

  • шипрлі жасыл хош иіс шалғын шөбі, лаванда мен розмариннен құралады;
  • ағаш-шипрлі хош иістер мүк пен сандал, кипарис, балқарағай, ақ емен ағаштарының үйлесімділігмен ерекшеленеді.
  • гүл-шипр духилері ирис, раушан, қалампыр реңктерін береді;
  • цитрус-шипр парфюмдері сізді лимон, мандарин, пачуля салқынымен орайды;
  • былғары варияциясы — былғары мен табактың реңктері шығатын ер адамдарға арналған асыл хош иістер;
  • шипрлі теңіз хош иістері – ыстық жазға арналған тиімді нұсқа, себебі олар қарбыз, қияр, лалагүлдің ортасындағы теңіздің "салқын" лебі реңктерінен құралған;
  • шипр-амбро әтірі жарқын ноталардың ішіндегі сепкенде нақты дозаны қажет ететін ең тығыз түрі болып есептеледі.

Парфюмерлер хош иістің бағасын білетіндерге ұсыну үшін жаңа акценттегі шипрлі иістер ойлап табуды жалғастыруда. Сондықтан композициялар мен үйлесімдердің бұл тізімі әлі де толықтырылады.

Шипрлі хош иіс кімдерге болады

Шипрлі хош иіс қарапайым емес, көптің ішіннен бөлініп шығудан қорықпайтын жарқын және батыл, өнімнің ерекшелігін бағалай білетін тұтынушыларға арналған.

Ер адамдарға, әйел адамдарға арналған, унисекс хош иістері тәжірибеден өткізуге дайын адамдарға арналған. Олар көбінесе іскерлік немесе кешкі жарқын образдың негізгі акценті болып жатады. Ал кэжуал стиліндегі киім үлгілері шипрлі букет үшін өте қарапайым болады. Тағы бір ескеретін жай – шипрлі әтірді күнде сеппейді. Ол күнделікті қолдануға тым артық болып кетеді. Сүйікті хош иісті ерекше жағдай үшін алып қою керек.

Ер дамға және әйел адамға арналған хош иістер: айырмашылығы

Парфюмериядағы шипрлер, айтылғандай ер адамдарға да әйел адамдарға да ұсынылып отыр. Иә, басында емен мүк ноталары ер адам иісімен ассоцияцияланатын, бірақ гендр революциясы көптеген шектерді жойды. "Ер адамға", "әйел адамға" деп бөлу шартты түрде ғана. Әтір таңдағанда өзіңіздің талғамыңызға сеніңіз.

Бақ раушандары мен бұтақты сирень реңктерімен шебер көмкерілген "тікенек" шипрлі хош иістерді көбінесе арнайы кешкі ас пен лауазымды қабылдау кезінде қолданады.

Ондай әтірлер ханым мен мырзаны сиқырлы аурасымен орап алатын , жұмбақ иіс береді.

  • Басымдық жасайтын жемістің піскен тәтті иісіне басымдық беретін- шипрлі хош иістердің ішінен классикалық стильді ұнататын адамдар үшін. Әсіресе шабдалы мен өрік, тропикалық жеміс реңктегі композицияның иісі ерекше шығады. Таныс барқыт жеміс иісі мен ағаш мүкпен үйлесетін хош иістер ерекше.
  • Шипрлі композициядағы асыл былғары реңктер образдың мәртебесін арттырады. Олар өз тұтынушысының әлеуметтік мәртебесінің жоғары екендігін көрсетеді.
  • Теңіз акценттері бар шипрлі букет әйелдер үшін де, ер адамдар үшін де жазғы маусымға жақсы таңдау болып табылады.

Sisters Aroma-дан шипрлі хош иістер

Егер сіз шипрлі хош иістер әлеміне қол жеткізгіңіз келсе, ешқашан ондай иістерді күмәнді өндірушілер шығарған арзан парфюмдер сататын дүкендер желісінен сатып алмаңыз. Сапалы, жақсы парфюм өнімдеріне назар аударыңыз. Тек осы жағдайда ғана нағыз хош иіс ортасын толыққанды және барлық әсемдігін тануға болады.

Нишалық бренд болып табылатын Sisters Aroma-ның Male парфюмі – бірегей өнімнің жақсы үлгісі болып табылады. Таңғажайып композиция брендтің ТОП өніміне жатады. Ол мускус шлейфіне ұласатын ағаштың, арнайы қоспалар мен жүректегі джиннің үйлесімінен құралған.

Оның атауы сізді алаңдатпасын. Ол унисекс категориясына жатады. Ол еркек пен әйел мінезін біріктіреді - ер адамға тән асылдық пен қаталдық әйелдің сезімталдығымен араласқан.

Әйел денесінде басқаша ашылса, еркек образына қосымша болғандықтан оның иісі мүлдем басқа болып ашылады. Ерекше парфюм кешкі образға жақсы үйлеседі. Ал оның айналағылардың назарын аударта алу қасиеті өзіңізді жарқын әрі бірегей көрінуге және маңыздылығыңызды сезінуге көмектеседі.

Sisters Aroma-ның шипрлі хош иістері туралы көбірек білгіңіз келсе, фирмалық интернет-дүкен кеңесшісінен телефон арқылы кеңес ала аласыз. Сұрақтарыңызға жауап береміз.

Жиі қойылатын сұрақтар

Әйел адамдарға арналған хош иістерді қалай ажырата аламаз?

Бұл топтағы әтірлердің қатал түрде бөлінуі тәжірибеде болмаған. Композицияларды өз таңдауыңыз бойынша жасай беріңіз.

Шипрлі әтір денеде қанша уақытқа дейін сақталады?

Әтірдің денеде сақталуы құрамындағы заттары арқылы анықталады. Sisters Aroma нишалық брендінің хош иістері өзінің ұзақ сақталу қасиетімен ерекшеленеді. Ол – денеде 10-12 сағатқа дейін сақталады.

Шипрлі хош иісті досыма сыйласам бола ма?

Егер сіздің досыңыз батыл және тұрақты мінезімен ерекшеленсе, өтірік романтизм иесі болмаса, бұл әтір дәл соған керек нұсқа. Осындай парфюмерлік өнімді қоршаған ортамен белсенді қарым-қатынастағы экстраверттерге "байқап көруге" кеңес береді.

Шипрлі жеміс хош иістері тек әйелдерге ғана арналған ба?

Жоқ. Балғындық беретін тәтті жеміс аккордтарына қосылған мүк, ағаш иісі өлшем жасап өмір сүретін ер адамдарға нағыз керек. Ерекше хош иіс акценттері образға өзіндік ерекешелік пен жұмбақтық қосады.

Өнімді орналастыру
-25%
Travel парфюм Male
Travel парфюм Male
8500 ₸
6375 ₸
-40%
Парфюм Male
Парфюм Male
31000 ₸
18600 ₸
10%
YOUR COOKIE PREFERENCES
Continue without accepting
WELCOME TO eu.sistersaroma.com

Sister's Aroma Malletier use cookies, including third-party cookies, for functional reasons, for statistical analysis, to personalise your experience, offer you content that targets your particular interests and analyse the performance of our advertising campaigns.

You can either accept these cookies by clicking "Accept and Continue’, or click "Set cookie preferences’ to set your preferences.

What is a cookie?

A cookie is a small text file that is stored in a dedicated location on your computer, tablet, smartphone or other device when you use your browser to visit an online service. A cookie allows its sender to identify the device on which it is stored during the period of validity of consent, which does not exceed 13 months.

You may accept or reject the cookies listed below using the check box provided.

These cookies are required for optimum operation of the website, and cannot be configured. They allow us to offer you the key functions of the website (language used, display resolution, account access, shopping bag, wish list, etc.), provide you with online advice and secure our website against any attempted fraud.

These cookies are used to measure and analyse our website audience (visitor volume, pages viewed, average browsing time, etc.) to help us improve its performance. By accepting these cookies, you are helping us to improve our website.

These cookies allow us to provide you with online or in-store recommendations of products, services and content that match your expectations and preferences. By accepting these cookies, you are opting for an enriched and personalised experience.

These cookies are used for Sister's Aroma advertisements displayed on third-party websites, including social media, and are tailored to your preferences and to help us measure the effectiveness of our advertising campaigns. If you refuse these cookies, advertising (including ours) will continue to be displayed as you browse the Internet, although they will not be specific to your personal interests, and will therefore be less relevant.

You can change your preferences at any time by going to the "Cookies" module or to the "Privacy Policy" sub-section of the "LEGAL & PRIVACY" section. They are accessible through links at the bottom of any eu.sistersaroma.com website page.

See the list of cookies used on our site

For more information on our cookie policy, please click here