Парфюмериядағы амбра хош иісі
Амбра хош иістері - бұл даулы иістердің бірі. Шеберлердің қолданған жұмбақ ингридиенттер туралы көптеген аңыздар қалыптасқан. Бағасын білетіндердің айтуынша, амбра әтірлері жаққан адамға жануарларға тән құмарлық пен сексуалдылық береді екен. Бұл қаншалықты рас екендігін анықтайтын боламыз.
Прфюмериядағы амбра деген не?
Амбра - "жылы" ингредиенттерді қуатты энергиямен біріктіретін парфюмерлік хош иістер тобы. Танымал ноталармен олар иесінің асыл және жұмбақ бейнесін ерекше көрсетеді. Ондай әтірді таңдаған адамдар, өздерін дәмдеуіштерден, ұнтақтардан, хош иісті заттардан жасалған жылы бұлтқа оранған сияқты сезінетіндерін айтады. Амбро ноталары элиталы шығыс әтірлерінің жиі негізі болатындығы бекер емес.
Сонымен қатар, парфюмерия әлемінде амбра сирек кездесетін ингредиент емес. Бұл атау шайырлы, Шығыс таниндері бар хош иістерге тән. Амбраның хош иісі бай және күшті, терең және толық. Амбра ноталарының бірегейлігі - әр адам оларды өзінше түсінуінде. Бұл хош иісті әр түрлі түсінуге жетелейді. Көбінесе қымбат шайырлар шығыс хош иісі ретінде қабылданады, бірақ оларды раушан мен жасмин реңктерімен біріктіргенде талғампаз әйел парфюмериясы, ал ванильмен сирек кездесетін дәмді хош иіс шығады.
Парфюмериялық қоспа ретінде пайда болуы
Амбра алғаш рет Ежелгі Мысырда хош иісті зат ретінде қолданылған. Бұл туралы археологиялық қазбалар айтады. Бұл ингредиенттің парфюмерлер арасында танымалдылығының шыңы ХХ ғасырдың 20-жылдарында деп айтуға болады. Мысыр қабірлерін алғашқы қазғаннан кейін Ескі Әлем Шығысқа қарай сәнге айналды. Парфюмерлер жұртшылыққа шайырлы амбра аккордтары бар парфюмерия ұсынуға асықты. Содан бері әрбір парфюмерия үйінің немесе жағыз шебердің коллекциясында міндетті түрде амбра аккордтары парфюмнен шығуы міндетті бола бастады. Басқа ингридиенттеріне байланысты амбра қосылған әтір композициясы шығыстық та, шипрлі де, гурман хош иісіне де жатқызуға болатындығы айтылған болатын.
Амбраны қалай алады
Табиғи амбра кашалоттардың шығаратын тас болып қалған құпиясы болып табылады. Теңіз сүтқоректісінің ағзасы бұл затты ас қорыту жүйесіне моллюскалар мен асшаяндардың түсуінен пайда болған ұсақ жаралардың тез жазылуын қамтамасыз ету үшін қолданады. Ракушкалар кашалоттардың ас қорту жүйелерін тырнайды, ал құпия оның қайта қалпына келетін қорғаныс пленкасын құрайды. Уақыт келе табиғи жолмен сыртқа шығады. Қатқан соң амбраны толқын мұхит жағалауына шығарып тастайды. Бұл браконьерлерді өзінің қымбат бағасымен қызықтыра бастады. Кашалоттарға аңшылық басталды. Рұқсат етілмеген аң аулау нәтижесінде жануарлар популяциясының азаюына жол бермеу үшін парфюмерлер табиғи амбраны пайдаланудан бас тартты
Сөз кезегінде:
- Қара амбра, атап айтқанда, кашалот асқазан-ішек жолдарының жаңа құпиясы деп аталады, бұл жағымсыз иісі бар тұтқыр зат. Ол ұзақ уақыт бойы мұқият тазалауды қажет етеді.
- Сұр амбра — жағадан табылатын қалдық өнім. Бұл бірнеше жыл суда өткізетін, шайырлығы бар және өзіне тән хош иісі бар толық қатаймаған зат.
- Толық қатқан амбраны, парфюмерлерге нағыз керекті ақ амбра деп атайды. Ол бір қарағанда кәріптасқа құсайды.
Кашалоттарды жоймай амбра алу проблемасын шешу үшін парфюмерлер көптеген зерттеулер жүргізді. Олар оны алмастыратын өсімдік және синтетикалық өнімді ойлап тапты. Олар табиғи аналогын толық алмастыра алады.
Парфюмерияда амбраның иісі қандай
Амбра хош иісі неге ұқсайды? Бір сөзбен әтірдегі амбра иісін айтып жеткізе алмайсың. Білетіндердің айтуынша, мия тамырымен көмкерілген қою ағаш, топырақ иістер туарлы айтады. Жаңадан тани бастағандар, пудраның терең реңгдерін сезетіндіктерін айтады. Романтиктер амбра құмарлық, секс, ләззат иісін береді дейді. Әділдік үшін олардың айтқандары бір жағынан дұрыс деу керек. Амбра ноталары қоспаларының композициясына қарай әр түрлі болады.
Амбра иісі әр адамда әр түрлі болатындығын айта кеткен жөн. Терімен химиялық байланысқа түскен амбра әтірі тек иесіне ғана тән бірегей хош иіс шығарады. Сондықтан да ондай парфюм айналасын тартып тұрады, олардың алғашқы инстинктерін оятады.
Амбра в парфюмерии
Парфюмде амбра хош иісті қоспа ретінде емес, мускус сияқты композицияны бекітетін қоспа ретінде де қолданылады. Майлы заттың ауыр молекуласы хош иістің тез булануын ескертіп, оны теріде ұзағырақ сақтап тұрады. Ал терінің жылылығы ауамен қарым-қатынасқа түскенде, басқа қоспалар буланып ктеді де тек амбра ғана қалады.
Табиғи амбра легальді сертификацияланған парфюмерияда қолданылмайтындығын ерекше белгілеп кетеміз. Бұл теңіз сүтқоректілерінің тағдырына алаңдайтын шеберлердің саналы таңдауы және сирек кездесетін жануарлар түрлерінің популяциясын сақтау үшін күресетін Гринпистің талабы. Парфюмерия әлемі амбраны қолданудан бас тарқан жоқ. Қоспаны табиғи аналогымен алмастырды.
Амбраның өсімдік аналогы бірнеше қоспалардан тұрады. Оны алу үшін пачули, толуан бальзамы, мәңгі жасыл Үнді ветивері және ваниль, хош иісті диптерикс жемісінің тұқымдары және басқа компоненттер белгілі бір пропорцияда біріктіріледі. Амбраның табиғи аналогының хош иісі қалың, жылы, бальзамды.
Амбраның синтетикалық аналогы
Өткен ғасырдың 80-жылдарынан бастап жасанды амбра — амброксан өндіріледі. Табиғи амбраның басқа, аз танымал аналогтары - амбралюкс, сильвамбер, дигидроамбрат.
Әйелдерге арналған амбра хош иістері
Амбра әйелдер парфюмериясы жылы, тартымды сипатқа ие. Дұрыс қалыптасқан көрініспен амбра парфюмериясы кеңсеге, кешке, кешкі асқа тамаша сүйемелдеу бола алады.
Букетке байланысты амбра жас ханымға немесе егде әйелге арналған болуы мүмкін. Мысалы, бергамотпен амбра сексуалды және дәмді иіс шығарса, жасминмен - жұмбақ және еліктіргіш, раушанмен-талғампаз иіс шығарады. Амбрамен қалың хош иістер әрдайым иесін сезімталдықпен, сексуалдылықпен көмкереді.
Ерлерге арналған амбра хош иісі
Ер адамдарға арналған парфюм құрамында сұранысқа ие. Асыл ағаш ноталар иесінің күшін, еркектік қасиетін айқын көрсетеді. Бұл мәртебеге баса назар аударғысы келетін ауқатты құрметті ер адамдардың ішіндегі богем өкілдердің таңдауы.
Амбра парфюмін өзінің сыртқы келбетіне аса мән беретін жас жігіттер де таңдап жатады. Олар амбра әтірлері олардың тартымдылығын күшейтуге көмектесетіндігіне сенімді. Артынан қалатын ұзақ шлейф адам тек бірнеше минутқа ғана кіріп кетсе де, ұзақ уақытқа дейін әтір иесін басқаладрың есіне салып тұрады.
Sister`s Aroma-ның амбро иісімен әтірі: танымалдылығының себебі
Атақты нишалық бренд хош иістерінің танымалдылығы туралы айтпастан бұрын бірнешеуімен таныстыруды жөн көрдік. Осы арқылы сіздер Sister`s Aroma-ның амбра әтірлері неге парфюмерлік коллекция үшін құнды нұсқа екендігін жақсы түсінетін боласыздар.
- Berry me әтірі — бұл иесінің сексуалдылығын көрсететін қызықты хош иіс. Амбра негізіне арша мен карамель ноталары қосылған. Жұмбақ және тартымды комбинация.
- Samantha mood әтірі — былғары, уд, сандал ағашы, темекі және тәтті мандарин ноталары таңғажайып талғампаздықпен араласқан ащы амбра хош иісі. Кешке немесе қабылдауға сәнді сүйемелдеу.
- Like Cannabis but not әтірі амбраға негізделген цитрус пен үнді ветивері ноталарын араластырған. Бірегей үйлесім баурап алады және таңғалдырады.
- Once әтірі амбра ноталарын, жасмин гүлінің, бақ жемістерін, шафран мен сұр амбра ноталарын біріктірген. Сезімтал шлейф букеті магниттік қасиетке ие. Ал ақ балқарағай мен шайыр таниндері иесінің өзіне сенімділігі мен байлығын айқындай түседі.
- Бұл тек брендтің ұсынған амбро әтірлерінің кейбір түрлері ғана. Әрбір әтір бірегей және иесінің жарқын бірегейлігін көрсетеді. Оның танымалдылығы да осыда. Амбра хош иістерін интернет-дүкендер арқылы алуға болады. Каталогтан әтірдің барлық түрлерін таба аласыздар.
Жиі қойылатын сұрақтар
Амбра әтірлері кімдерге болады?
Сенімді, өздерінің бірегейлігін, сексуалдылығын, тартымдылығын көрсеткісі келген адамдарға. Адамдардың назарының ортасында болудан қорқпайтын, әйел адамдардың көзіне түскісі келетіндер үшін.
Амбраның иісі қандай?
Шайыр, топырақ, теңіз тұзы, дәмдеуіштер. Амбра әр адамдар әр түрлі қабылдайтын күрделі букеттен тұрады.
Амбра хош иісі қанша уақытқа дейін сақталады?
Шлейфтің тұрақтылығы – амбра әтірінің ерекшелігі. Хош иіс 10-12 сағатқа дейін сақталады.
Маған амбра хош иісі бола ма?
Егер сіз байқап көрмесеңіз, біле алмайсыз. Өзіңізге болатын оңтайлы иісті таңдау үшін әтірдің тексеріп көруге арналған шағын түрлерінің бірнешеуіне тапсырыс беріңіз.