Бетке арналған сары су деген не және ол не үшін қажет?
Терінің әдемілігі мен жастығы – әйел адамдардың күнделікті косметикалық күтімнен алғысы келетін арманының екі негізгі нәтижесі. Таңдауы көп сары су ассортименттерінің ішіндегі – бетке арналған серум – осы мақсатты барынша тиімді шешуге көмектесетін сиқырлы өнім болып кетті.
Бетке арналған сарысу – бұл өнімді күнделікті қолданған кезде жіңішке бағытының арқасында терінің қабаты барынша күтімге ие болады.
Өнімді жедел жәрдем деп бекер айтпайды. Оны нүкте арқылы жағады, ал жаққан жерде ұсақ әжімдер кете бастайды, тері сау түс пен біркелкі текстураға ие болады.
Сарысудың қалай әсер ететіндігі мен басқа косметикалық фактураларда айырмашылығын талқылайтын боламыз.
Бетке арналған сары су: бұл не
Белсенді сары су – бұл жоғары концентрациялы сұйықтық. Сулы құрамы мен молекулалық құрылымының арқасында ол тері қабатына оңай сіңеді және өнімнің мықты қоспаларын дермаға тікелей апарады.
Өнімдердің көбі нақты міселені шешуге бағытталған – әжімді кетіру, тері түсін біркелкі жасау, безеумен күресу, қабыну процессін жою. Теріге сіңу жоғарлығы және жіңішке бағыты сарысуды дерматологиялық мәселелерді шешудің барынша тиімді өніміне айналдырды.
Бетке арналған сарысу не үшін керек?
Кез келген сарысудың мақсаты – "іш жағынан жұмыс істеуі" үшін терінің терең қабатына белсенді компоненттерді жеткізу. Бұл өнімдер басқа кремдермен, лосьондармен, басқа да косметикалық формалармен салыстырғанда ұсақ молекулалардан тұрады. Сондықтан бұл жағдайда олар ең тиімді – сарысуды қолданудың нәтижесіне кепілдік бар және ол қысқа уақыт ішінде ақ байқала бастайды. Өндірушілер құрамы мен қолдану бағыты әр түрлі сары су түрлерін ұсынады. Солардың ішінде ең танымалдары:
- Антиоксиданттардың жоғары мөлшері мен қоректік заттардың концентрацияланған дозасы арқылы ылғалдандыру мен жасартуды қамтамасыз ететін қартаюға қарсы коллаген бет сарысуы.
- Сезімтал теріні тыныштандыратын, қабынуды басатын құрам.
- Тері қабатын кері әсер беретін сыртқы факторлардан қорғайтын құрам.
- Сергітетін, жаңа әжімдердің алдын алатын, терінің жасқа қарай өзгеруімен тиімді күресетін сарысу.
Бетке арналған сарысудың пайдасы тәуелсіз лабараториялардың жасаған көптеген зерттеулерімен дәлелденген.
Бетке арналған сарысу түрлері.
Косметика нарығында пайдалану ауқымы тар келесі сарысуларды ұсынады:
- Антиоксиданттары бар бетке арналған сарысу. Құрамында дәрумендердің қанық құрамы бар антиоксиданттар мен қоректік заттар бетті нәрлендіруге арналған. Олар кәрілікпен күресуге барысында негізгі рөл атқарады.
- Текстураға арналған сары су. Сүт және гликоль қышқылы сияқты альфа-гидрокси қышқылдары бар сарысулар терінің қабыршықтануы үшін, тері текстурасы мен бөртпелерді азайту үшін жасалған.
- Тегістеуші сарысулар. Ретинолы бар бұл құрамдар қысқа уақыт ішінде терең емес мимикалық әжімдерді жойып, тереңдерін тегістеуге көмектесетіндігімен танымал. Тері кәдімгідей жасарады.
- Ағартатын қосылыстар. Қосылыстарына қарай бұл сарысу түрлерінің құрамында гиперпигментациямен, секпілмен, жас ұлғая келе пайда болатын дақтармен күресетін ингридиенттер бар.
- Қолданғаннан кейін бірнеше айдан соң тері табиғи тегіс реңге ие болады.
- Ылғалдандырушы қосылыстар. Гиалуронка сарысуы бет күтіміне мінсіз қосымша болып табылады. Олар терінің құрғап кетуі сияқты проблеманы шешуге көмектеседі. Әсіресе қыс кезінде тері құрғақ аяздан зақымданғанда бұл күтімді қолданған өзекті болып табылады.
Тек қолдану аясы тар ғана емес, құрама қосылыстар да лабараторияда жасалынады. Оларды өндірушілер терінің бірнеше проблемаларын бірден шешуді ұсынады. Сонымен қатар күнделікті және мерзіммен қолдануға арналған сарысу ұсынады. Бірінші жағдайда өнім күнделікті тері күтімінде міндетті болып табылады. Екінші жағдайда – сарысу қатал түрде белгілі бір жағдайда, мысалы тері қабынуының алғашқы белгілері пайда бола бастаған кезде қолданылады.
Бетке арналған сарысуды қалай қолданады
Әсері барынша жақсы болуы үшін сарысуды бетке дұрыс жағу керек:
- Алдымен теріні тазартыңызы: тек сонда ғана терінің терең қабатына жақсы сіңеді. Тазарту үшін жылы су қолданыңыз. Ыстық су терлетіп, тері қабатына сіңуіне кедергі жасайды.
- Суық су тері тесіктерін тарылтады соның кесірінен сарысудың пайдалы компоненттерінің ену "жолын" бекітеді.
- Сарысуды кішкене ылғал теріге жағыңыз. Ол дермаға пайдалы қосындылардың енуіне ғана емес, су молекуласының енуіне де көмектеседі.
- Өндіруші ұсынған мөлшерден асырмай жағыңыз. Сарысуда белсенді заттар көп, оларды мөлшерден тыс қолданса терінің қабынуына және аллергиялық реакция беруі мүмкін.
- Сарысудан барынша әсер алу үшін таза қолыңызға бұршақ көлеміндей (немесе 2-3 тамшы) алып, дөңгелек қимылмен ұқалап отырып таза теріге жағыңыз. Өнімнің теріге барынша жақсы сіңуін қамтамасыз етеді және қосымша қан айналымы мен массаждың жасарту қабілетін күшейтеді!
- Сарысуды кремнен кейін жақпаңыз. Бұл қою қосынды, ол теріні қалың пленкамен жабады және басқа заттардың енуіне жол бермейді.
- Тері қабатының сарысудың қатты ісер беретін құрамынан оның қабынуына жол бермеу үшін алдын-ала сезімталдыққа тест жүргізіп алыңыз. обязательно проведите тест на чувствительность.
Өндірушінің нұсқаулығымен мұқият танысыңыз. Ол жерде біз айтпай кеткен пайдалану жолдары мен ерекше кеңес берілуі мүмкін. Мәселен, кейбір өнімдерді бетке косметика жақпас бұрыноны дайындап алу үшін таңертең пайдаланған дұрыс. Кейбіреулері ауыр күннен кейін тері қабатынның жасушаларын қайта қалпына келтіруді қамтамасыз ету үшін тек кеште пайдаланылады.
Бетке қандай сарысу таңдау керек.
Сарысу өнімнен қандай әсер алғыңыз келетіндікке байланысты таңдалынады. Өндірушілер әр түрлі бағытқа арналған және пайдалану аясы кең өнімдер ұсынады. Егер теріңізге тегістікті қаласаңыз, сергітетін қосыныдылар керек.
Егер сіз терінің қаттылығын қалпына келтіргіңіз келсе, тоник қажет. Жасқа байланысты өзгерістердің белгілері бар теріге әжімдерге қарсы сарысуды сатып алуға болады. Безеулермен күресу үшін-қабынуға қарсы, тыныштандыратын композиция:
- Жергілікті қабынуға икемді тері үшін колаггенің бөлінуін ұлғайтуға өндірушілер құрамында С дәрімені бар қосындылар ұсынады. Ондай сарысу қатарына қабынуды тоқтатаны ретинол, цинк және қабынған теріні басатын салицил қышқылы жатады.
- Қышқылды сарысу терінің табиғи тосқауылын біркелкі етіп, тері тесіктерін тазалап, ауыруға икемді микроағзаларды жояды.
- Антибактериальді әсерді ұлғайту үшін құрамына қабынуға қарсы қасиеті бар тмин және шай ағашының сығындысын, куркума мен арника қосады.
- Терісі жұқарған, құрғақ адамдарға өндірушілер тері жасушаларын тотығу зақымынан қорғайтын Е дәрумені бар сарысу ұсынады.
- Ондай қосындыларда көбінесе гликол және гиалурон қышқылдары болады.
- Реңсіз, тозып бара жатқан теріге аниоксиданттары бар жасартатын бетке арналған сарысу ұсынылады. Кәрілікке қарсы сарысу коллагенннің және эластиннің бөлінуін жылдамдатады.
- Қалыпты тері иелеріне гликоль қышқылы негізінде жасалған бетке арналған ылғалдандырушы сарысуын таңдауға болады. Олар дермадағы ылғалды сақтайды және қартаю процессін ескертеді.
- Көптеген сарысулар майлы теріге арналған және құрамында майдың бөлінуін ретке келтіретін ниацинамид пен салицил қышқылы бар. Ол өлі жасушалардың бөлініп түсуіне көмектесіп, тері тесіктерін тарылтады.
Бетке арналған сарысуды таңдамас бұрын терінің түрін анықтап алу қажет. Егер теріңіз құрғақ болса, құрамында кептіретін ингридиенттері бар сарысу болмайды. Жас теріге жас ерекшелігінің өзгерісімен күресуге бағытталған сарысу болмайды. Жас қыздардың таңдауы – нәрлендіретін, ылғалдандыратын гиалурон қышқылы бар бетке арналған сарысу болу керек. Үлкен жастағы әйелдерге күшейтілген нәр мен сапалы ылғал беретін өнімдер таңдаған жөн.
Бетке арналған сарысуда қаншалықты жиі қолданған жөн
Бетке арналған күнделікті қолдануға арналған сарысуды күніне екі рет қолдануға кеңес беріледі. Таңертең бетті тазалау мақсатында, кешке ылғалдандыру алдында. Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін тұрақты түрде қолдану керек. Алғашқы нәтиже бірнеше сеанстан кейін ақ көріне бастайды, дегенмен тұрақты нәтижені ұзақ уақыт бойы қолданғаннан кейін ғана көре аласыздар.
Түнгі сарысулар – терінің қалпына келуіне, түнде жаңартуға көмектесетін жеке өнім. Сарысудың құрамында терінің күндізгі алған кері әсерін төмендететін табиғи ингридиенттері бар.
Таңғы уақытта қолданған сарысу теріге күні бойы алатын кері әсерге төтеп беруге көмектеседі. Олар теріні сергітеді, сондықтан бетте ісік болмайды. Бет контуры нақты, түсі тегіс болады.
Не жақсы – сарысу ма, әлде бетке арналған крем бе
Бұл косметикалық өнімдердің пайдалану бағыты мен құрамы әр түрлі. Сондықтан оларды салыстыруға болмайды. Сіздерге түсінікті болуы үшін олардың бірнешеуіне тоқталамыз
- Сарысулар судың негізінде жасалады, олардың молекуласы ұсақ болады, белсенді ингридиенттері теріге тез және жеңіл сіңеді.
- Бетке арналған кремдер мен майлар терінің үстіңгі қабатына әсер етеді, олар суды өткізбейді. Олар қою майлы. Олардың теріге сіңуіне ұзақ уақыт керек болады.
- Кремдер қолдану аясы кең өнім болып табылады. Ал сарысу нақты проблемаларды шешеді.
Бетке арналған сарысуды да, кремді де қолдануға болады.
Пайдалану реттілігі: бетке арналған кремді сарысудан кейін, содан соң декоративті косметиканы қолдануға болады.
Sister`s Aroma сарысуының артықшылығы
Косметикалық және парфюмериялық өнім бренді теріге арналған сарысу түрлерін ұсынады. Клиникалық тексеруден өткен құрамына енген ингридиенттер сергітеді, ағартады, дақтармен және терінің қартаюымен күреседі.
KOMBUCHA LIFTING SERUM сарысуы
Өнім ыңғайлы 30 ml ыдыста ұсынылады. Терінің қартаюына қарсы және ылғалдандыратын, нәрлендіретін қасиеті бар мықты өнім. Құрамында шай саңырауқұлағының ферменттелген, қоюландырылған сығындысы, жұмсақ қышқылдар, коллаген мен эластин синтезін ынталандыратын дәрумендер мен гиалурон қышқылы бар. Өнім таңертең қолдануға арналған – терісі құрғақ және аралас адамдар үшін күннің жақсы басталуы болып табылады.
Boosting Ampoule сарысуы
Теріні қалыпқа келтіретін бұл өнім 30ml ыдыста келеді. Құрамына терінің ылғалдығының жойылуы мен тесіктерінің тарылғандығын ескертетін ниацинамид кіреді. Ол пигментациямен күреседі. Cica Biome патенттелген белсенді қоспалар кешені терінің табиғи микробиомасын жасушалық деңгейде қалпына келтіруді қамтамасыз етеді, терінің иммунитетін белсендіреді.
Гиалурон қышқылы ылғалды сақтайды, ал пептидтер кешені теріні серпімді және серпімді етуге жауап береді.
Көбінесе бетке арналған серумдарды өндірушілер белгілі бір косметикалық мәселені шешу үшін жасайды. Бірақ Sister ' s Aroma формулалары әсер етудің кең спектріне ие:
- Бірнеше сеанстан кейін сіз құрылымның жақсарғанын, терінің жасарғанын сезінесіз. Әсер коллагеннің жоғары болуына байланысты қол жеткізіледі. Тері серпімді, тегіс болады.
- Бет терісінің түсі тегістеледі - теріде дақтардың пайда болуы тоқтайды.
- Тері тесіктері кішірейеді, сондықтан терінің юесеу, жара сияқты қабынуы азаяды.
- Ісік, құрғақтық іздері кетеді, көздің астындағы қара дақтар кетеді.
- Тері ылғалданған және жаңаланған болып көріне бастайды.
Бренд өнімдері ең үздік сарысулардың қатарына жиі түседі. Байқап көру үшін бірнеше ампуласына тапсырыс беруді ұсынамыз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Бетке арналған сарысуды қашан қолданған дұрыс?
Сарысуды таңертең, күндіз, түнде қолдану талаптарына сай қолдануға болады. Нақты қай кезде қолдану керек екендігін өндіруші нұсқамада көрсетеді. Міндетті шарт – сарысу таза кішкене ылғал теріге жағылады.
Сарысудан нәтиже көру үшін қанша уақыт керек?
Сарысуда белсенді ингридиенттер қоюландырылған мөлшерде. Нәтижеге қол жеткізу уақыты 4-6 апта.
Сарысуды ылғалдандырушы ретінде қолдансам бола ма?
Жоқ, косметологтар сарысуды ылғалдандыратын кремдерге балама ретінде қолдануға кеңес бермейді. Кремдер теріге суды тоқтататын тосқауыл ретінде қолданылады. Сарысулар кейбір ылғалдықты қамтамасыз етсе де, оларды ондай мақсатта қолданбаған жөн, себебі олар қорғаныс қабатын қамтамасыз етеді. Сарысу теріге сіңген соң крем қосымша ретінде қолданылады.
Қандай сарысу жақсы?
Кез келген сертификатталған өнім белгілі бір тері түріне және нақты проблеманы шешуге жақсы.